Хотите у нас работать?
Өндірістегі үзілістен және залалдан мүлікті сақтандыру

Кәсіпорынның өндірістік қызметі төтенше жағдайлардың нәтижесінде кенеттен бұзылуы мүмкін. Өндірісті бұрынғы деңгейіне дейін қалпына келтіру үшін талап етілетін уақыт ішінде кәсіпорын залал келтірілмеген жағдайда алатын кірісінен айырылады. Мұндай жағдайлар үшін кірістен айырылудың орнын толтыратын сақтық қорларын құру іс жүзінде мүмкін емес, және тиімді де емес. Өндірістегі мәжбүрлі үзілістің салдарынан тұрақты шығындар мен табыстан айырылу - сақтандыруға болатын және қажет көптеген кәсіпкерлік тәуекелдердің бірі. Өйткені, өндірістегі үзілістен болатын шығын жиі мүліктің өзінің зақымдануынан немесе жойылуынан болатын шығыннан елеулі жоғары болады. Арнайы отандық кәсіпорындар үшін біздің мамандар кәсіпорынның қызметі ұшырайтын тәуекелдердің барынша көп санын қамтуға мүмкіндік беретін сақтандырудың кешенді бағдарламасын әзірледі. Ол мүлікті сақтандыруға қосымша өтелім болып табылады және кәсіпкерлерге орын алған сақтандыру жағдайының салдарынан кәсіпорынның тоқтап қалуы жағдайындағы тұрақты шығындар мен табыстан айырылудың орнын толтыруға мүмкіндік береді.

- Стандартты тәуекелдер

1 Секция «Мүлікті залалдан сақтандыру»

Сақтандыру жағдайы келесі оқиғалардың нәтижесінде мүліктің жоғалуы (жойылуы) немесе зақымдануы болып табылады:

1) өрттің;

2) найзағайдың түсуінің;

3) жарылыстың;

4) мүлікке басқарылатын ұшатын объектілердің немесе олардың сынықтарының, немесе жүктің құлауы;

5) жер сілкінісін қоспағанда, дүлей апаттардың, атап айтқанда: жер асты отының әсерінің, көшкіннің, таудың опырылуының, боранның, құйынның, бұршақтың, нөсер жауынның, қар көшкінінің;

6) жер сілкінісінің және кейінгі өрттің;

7) су құбырындағы, канализациялық, жылыту жүйелеріндегі және өрт сөндіру жүйелеріндегі апаттардың нәтижесіндегі су басудың;

8) үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің: бұзақылық, бұзып ұрлау, қарақшылық, вандализм.

2 Секция. «Өндірістегі үзілістен сақтандыру»

1 секцияда көрсетілген оқиғалардың басталуының нәтижесінде табыстан айырылу.

Мүліктің және жабдықтың сақтандыру сомасы:
мүліктің құны.
Өндірістегі үзілістің сақтандыру сомасы
жоспарланған табыс + тұрақты шығындардан жиналады.


Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.`

Менеджермен байланысу:

Байланысқа арналған телефондар:
+7 (727) 258-43-36 (Алматы қ.)
8 800 080 0099 (Қазақстан бойынша тегін желі)

Бізбен байланысыңыз


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!