жылжымайтын мүлік (ғимараттар мен құрылыстар);
ішкі әрлеу;
жылжымалы мүлік (инженерлік жабдық, тұрмыстық техника, жиһаз, электрондық жабдық, қоймадағы және айналымдағы тауарлар және т.б.);
зауыттар, фабрикалар және т.б.
Сақтандыру жағдайы келесі оқиғалардың нәтижесінде мүліктің жоғалуы (жойылуы) немесе зақымдануы болып табылады:
өрттің;
найзағайдың түсуінің;
жарылыстың;
мүлікке басқарылатын ұшатын объектілердің немесе олардың сынықтарының, немесе жүктің құлауы;
жер сілкінісін қоспағанда, дүлей апаттардың, атап айтқанда: жанартаудың атылуының немесе жер асты отының әсерінің, көшкіннің, таудың опырылуының, боранның, құйынның, бұршақтың, нөсер жауынның, қар көшкінінің;
жер сілкінісінің және кейінгі өрттің;
су құбырындағы, канализациялық, жылыту жүйелеріндегі және өрт сөндіру жүйелеріндегі апаттардың нәтижесіндегі су басудың;
үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің: бұзақылық, бұзып ұрлау, қарақшылық, вандализм.
Сақтандыру жағдайы орын алды және Сіз қиындықтарға тап болдыңыз. Егер Сізде "Евразия" СК" АҚ сақтандыру полисі бар болса, алаңдамаңыз. Біз Сізге тілектеспіз және көмек және қолдау көрсетуге дайынбыз. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізілуімен байланысты сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері бойынша онлайн кеңес беру және кері байланыс мәселелері бойынша ServiceCenter@theeurasia.kz электронды мекенжайына өтініш, орын алған оқиғаның мән-жайларын, өз сұрақтарыңызды жазып және өз байланыс деректеріңізді (ТАӘ, телефон және email) жіберіп, хабарласа аласыз және біздің құзыретті маман Сізбен хабарласады.