$APPLICATION
Әрбір көлік құралының иесі, жүргізушісі өзінің жауапкершілігін Қазақстан Республикасының 01.07.2003 ж. №446-II "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес сақтандыруы тиіс.
Көлік құралын КҚИ АҚЖМС сақтандыру полисінсіз пайдалануға рұқсат етілмейді.
Мынадай көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады:
жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдері, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк пен олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;
Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады.
Сақтандыру сыйлықақысы (полистің құны) "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Заңымен анықталады.
Сақтандыру жағдайы ретінде сақтандырылушының көлік құралдарының иелерінің жауапкрешілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандырылған көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегуші ретінде танылған тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактысы танылады.
Сақтандырылушы
Көлiк құралының иесi – көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға.
*ауырлық дәрежесіне тәуелді:
I топ — 800;
II топ — 600:
III топ — 500;
«мүгедек-бала» — 500;
мүгедектікті белгілемей мертігу, жарақат алу немесе денсаулыққа басқалай зақым келтіру — амбулаторлық және (немесе) стационада емдеуге нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 300 көп емес.
Бұл ретте барлық зардап шегушілерге сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері 2000 АЕК аспауы тисі. Залал мөлшері сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемінен асатын жағдайда әрбір зардап шегушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген залалдың дәрежесіне мөлшерлес жүзеге асырылады.
Егер КҚИ АҚЖ МС міндетті сақтандыру бойынша лимиттер (сақтандыру сомасы) жеткіліксіз болатын болса, біз сіздерге қолайлы жауапкершілік лимиттерімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын (КҚИ АҚЖШ) жасауды ұсына аламыз.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.