$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

AM Best пікірі бойынша «Евразия» СК Қазақстандағы ең сенімді сақтандыру компаниясы болып қала береді

07.10.2024

AM Best халықаралық агенттігі «Евразия» СК қаржылық тұрақтылығының рейтингін деңгейінде және «Тұрақты» болжамымен «bbb+» деңгейінде ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін растады. «Евразия» көптеген жылдар барысында AM Best-тен Қазақстанның барлық сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары рейтінгті сақтап келеді.   

Рейтингтер AM Best сақтандыру компаниясының операциялық көрсеткіштері сияқты күшті деп бағаланатын «Еуразияның» тұрақтылығын көрсетеді. Сонымен қатар, теңдестірілген бизнес-портфель және корпоративтік тәуекелдерді дұрыс басқару атап өтіледі.

«Еуразия» СК тұрақтылығы капитал жеткіліктілігінің коэффициентімен өлшенетін ең жоғары деңгейде қалатын тәуекелге түзетілген жоғары капиталдандырумен қамтамасыз етілген. Сонымен, «Еуразия» СК үлесіне қазақстандық нарықтағы барлық жалпы сақтандыру компаниялары иеленетін меншікті капиталдың шамамен 45%-ы, немесе 260 млрд теңгеден астамы тиесілі.

«Біз көптеген жылдар бойы AM Best талдаушыларымен өзара әрекеттесіп келеміз, олар біздің бизнесімізді жақсы біледі: тәуекелдерді басқару принциптері, әртараптандырылған портфель және күшті андеррайтинг саясаты. «Евразия» ішкі нарық есебінен де, сол сияқты өзінің халықаралық бизнес бағыты есебінен де үйлесімді дамып, өсіп келеді. Бұл негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша отандық сақтандыру нарығында көшбасшылық ұстанымдарды сақтауға, олардың өсуі мен қаржылық тұрақтылықтың артуын үнемі көрсетуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді агенттіктің шешімін «Евразия» СК Басқарма Төрағасы Қайрат Чегебаев.

Кіріс қайта сақтандыру нарығында «Евразия» СК ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінде осы көрсеткіш бойынша нарықтың 68%-дан астамын ала отырып, бейрезиденттерден 61 млрд теңгеге сыйлықақы қабылдады. «Евразия» СК тәуекелдерінің географиясы жаһандық қайта сақтандыру компанияларымен қатар АҚШ, Ұлыбритания және Үндістанмен ұсынылған. AM Best-тің пікірінше, халықаралық қайта сақтандыру портфелі ішкі нарыққа тәуелділікті төмендете отырып, бизнесті әртараптандыруды қамтамасыз етеді. Соған қарамастан, Қазақстанның егеменді рейтингтері «Евразия» СК рейтингтерін одан әрі арттыру мүмкіндігін шектеуді жалғастыруда.

ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, бірінші жартыжылдықта «Евразия» СК активтері 595 млрд теңгеге, немесе жалпы сақтандыру нарығының 44,5%-ына жетті. Алты ай ішінде компания 119 млрд теңге, немесе сақтандыру сыйлықақыларының 31% жинады, сондай-ақ 34 млрд теңге, немесе жиынтық төлемдердің 35%-ын жүзеге асырды. Компания 32 млрд теңге табыс тапты - жалпы сақтандыру секторының пайдасының жартысынан астамы.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында S&P агенттігі «Евразия» СК рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты». Осылайша, компания ТМД елдеріндегі сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары рейтингті иеленеді, ол да Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінен бір саты жоғары тұр.


AM Best халықаралық агенттігі "Евразия" СК-ның Қазақстандағы жоғары рейтингін растады - Stan.kz, 07.10.2021

AM Best пікірі бойынша "Евразия" СК Қазақстандағы ең сенімді сақтандыру компаниясы болып қала береді - KAZ.NUR.KZ, 07.10.2024



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!