$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Жетісуда жедел жәрдем көлігі мен жылқының қатысуымен болған ЖКО орын алды

12.09.2024

2024 ж. 12 қыркүйегі, Алматы қ. – Жедел медициналық жәрдем көлігі шақыруды орындау кезінде кенеттен жолға шыққан жылқыны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысының Панфилов ауданында, Алматы-Қорғас тас жолының 316 шақырымында орын алды, деп хабарлайды «Евразия» Сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем жүргізушісі әрекет етіп үлгермейді және жылқыны қағып кетеді, оның ішінде оқиға түнгі уақытта болған: ЖКО сағат 21.00 шамасында орын алды. Жолаушылар мен көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ, жылқы апат орнында жазым болған.

ЖКО барысында зақымданған JAC Sunray санитарлық автокөлігі «Евразия» СК КАСКО ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған. Облыстық жедел жәрдем станциясы 5,7 млн теңгеден астам сақтандыру төлемін алды.

Жолдың осы учаскесінде жол қозғалысына қатысушыларды ескертетін "Мал айдау" белгісі болмағандықтан, осы ЖКО орын алуына кінәлі тұлға ретінде жолдың жанында жылқыны өздігінен жайылуға қараусыз қалдырған белгісіз адам танылды. Иесі іздеуге жарияланды, бірақ полиция қызметкерлері иесін анықтау үшін қабылдаған іс-шаралар сәтсіз аяқталды.

«Біздің елімізде малды қағып кету салдарынан орын алатын ЖКО сирек кездесетін жағдай емес. Өкінішке орай, мұндай жағдайлардың көпшілігінде зардап шеккен жүргізушілер көліктерді өз есебінен қалпына келтіруге мәжбүр, өйткені жолға шыққан жануардың иесін анықтау мүмкін емес», – деп «Евразия» СК сақтандыру жағдайына түсініктеме береді.

Қазақстанда жылқылар мен сиырлардан басқа, жабайы жануарлар: түйелер, бұландар, киіктер және тіпті аюлар да жолға жиі шығады. Егер үй жануарларының апатында жауапкершілік мал иесіне жүктелуі мүмкін болса, жабайы жануарлар жағдайында ештеңе істей алмайсың.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, ағымдағы жылдың сегіз айында жануарларды қағып кетумен байланысты кемінде 135 ЖКО орын алған. Бұл 82 апат болған өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Жыл басынан бері жануарларды қағып кету жағдайларының ең көп саны Алматы облысында тіркелді – 23, ал Жетісу облысында олардың саны 6 болды. Айта кету керек, бұл статистикаға азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиын келтірілген ЖКО ғана кіреді, яғни іс жүзінде олар әлдеқайда көп болуы мүмкін – 4-тен 5 есеге дейін.

Байланыс үшін:

«Евразия» СК баспасөз қызметі

Тел.: +7 (727) 258 43 36

E-mail: press@theeurasia.kz


"Евразия" СК жедел жәрдем көлігі мен жылқының қатысуымен болған ЖКО кейін 5,7 млн теңге төледі - KAZ.NUR.KZ, 13.09.2024



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!