Үш жыл бұрын, 6 ақпан күні таңертең ерте Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкіністері сериясы орын алды, үйінділер астында 53 мыңнан астам адам қаза тапты. 100 мыңнан астам адам жарақат алды. Түркия үкіметінің ресми бағалауы бойынша, 2026 жылға қарай жалпы экономикалық шығын $150 млрд. жетті. Түркия бұл қайғылы оқиғаның салдарымен қалай күресті және Қазақстан қандай сабақ алуы тиіс?
Түрік пулы
Кез келген ел үшін төтенше жағдайлар кезіндегі ең үлкен шығын – адам өмірі. Үйлерді, жолдарды, көпірлерді қайта салуға және қалпына келтіруге болады, ал қаза тапқандарды қайтару мүмкін емес. Табиғи апат Түркияның 81 провинциясының 11-ін қамтыды. Шамамен 40 мыңға жуық ғимарат қирады, сонымен қатар 500 мыңға жуық құрылыс нысанына елеулі зақым келтірілді – олардың көпшілігі кейіннен бұзылды. БҰҰ бағалауы бойынша, 3 миллионға дейін адам баспанасыз қалды, олардың едәуір бөлігі шатырлы қалашықтарда тұруға мәжбүр болды.
Соңғы бірнеше онжылдықта Түркия бірнеше рет жер сілкінісінен зардап шекті. Қазіргі таңда елде бүкіл ел бойынша тұрғын үй қорын қорғауға арналған тиімді сақтандыру механизмі құрылды және жұмыс істейді.
1999 жылдан бері Түркияда TCIP (Turkish Catastrophe Insurance Pool) ұлттық міндетті тұрғын үй сақтандыру бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Жер сілкінісі кезінде зардап шеккен аймақтардағы үйлердің жартысына дейін осы бағдарлама арқылы қамтылған болатын. Бағдарламаның ерекшелігі – оның шекті қолжетімділігінде: 2023 жылы полистің орташа құны жылына шамамен $15 болды, ал ең жоғарғы төлем мөлшері шамамен $34 мыңды құрады.
TCIP бағдарламасы аясында зардап шеккендерге алғашқы төлемдер жер сілкінісінен кейін бір ай ішінде жүргізілді, жалпы шамамен $2,5 млрд төленді. Сақтандыру компанияларының бағалауы бойынша, мүлікке тікелей келген шығын шамамен $60 млрд құрады, ал сақтандырылған – $6,2 млрд, яғни 10%-дан сәл артық. Сақтандыру адамдардың қаза болуының алдын ала алмаса да, тірі қалғандарға өмірін жалғастыруға көмектесті.
Залал үшін төлемдерді әлемнің жетекші сақтандыру компаниялары жүзеге асырды. «Евразия» СК түрік қайта сақтандыру бағдарламаларына, оның ішінде TCIP бойынша да қатысып, өзінің жауапкершілік үлесі бойынша өзекті бағам бойынша €24,5 млн-нан астам немесе шамамен 14,5 млрд теңге төледі.
TCIP бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті және жер сілкінісінен кейін алғашқы шешуші айларда сақтандырылғандарды қолдауға көмектесті. Бұл түрік билігіне әлеуметтік шиеленістің деңгейін біраз төмендетуге мүмкіндік берді, сондай-ақ 500 мыңнан астам отбасыға қажет тұрғын үй салуға уақыт берді. Жер сілкінісінен кейін TCIP бағдарламасының параметрлері түзетілді: полистің орташа құны қазір жылына $50, ал ең жоғарғы төлем – $65 мыңға дейін. Халық сақтандыру жүйесінің жұмыс істейтініне сенді және қазір жоғары сақтандыру өтелімі үшін көбірек төлеуге дайын.
Түрлі жағдайлардың тоқайласуына орай Түркияның Стамбул қаласы мен Қазақстанның Алматы қаласы туыстас қалалар болып табылады, яғни олар ерекше мәдени және экономикалық байланыстарға ие.
Алматы- туыстас
Қазақстандағы сейсмикалық белсенділік үнемі оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда тіркеледі. Кейде дүмпулер орталық аймақтарға және тіпті Каспий маңы ойпатында да жетуі мүмкін.
Қазақстан аумағында және шекаралас аймақтарда сейсмологиялық станциялар күн сайын әртүрлі күштегі 5-тен 40-қа дейін дүмпулерді тіркейді. Мысалы, өткен жылы 5,2 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген, оның шамамен 70-і - 4 магнитудадан асатын болған, яғни шамамен әр төртінші күні бір дүмпу болады. Сейсмикалық белсенділік, осы әлемдегі барлық нәрсе сияқты, белгілі бір циклдерге бағынады, сондықтан ол жыл бойы да, бірнеше онжылдықтар бойы да біркелкі таралмаған.
Ең жоғары жер сілкінісінің қаупі төнетін қала – Алматы, ол өткен заманда екі рет толық қирауды бастан өткерген. Ғалымдардың есептеулері бойынша, біздің өңірде жойқын жер сілкінісінің ықтималдығы шамамен әр жүз жыл сайын бір рет тууындауы мүмкін. Соңғысы 1911 жылы болған, яғни уақыт келді деп есептеуге болады, бірақ бәрімізді бұл қауіп айналып өтеді деген үміт бар.
Әлбетте, Алматы мен бүкіл Қазақстанға тұрғын үйді міндетті сақтандыру бағдарламасы қажет, ең болмағанда қазіргі уақытта Түркияда жұмыс істеп тұрған бағдарламаға ұқсас. Шағын тәуекелдерді жергілікті сақтандыру компаниялары өтей алады, ал үлкен лимиттер үшін халықаралық қайта сақтандыру механизмдері іске қосылады. Бұл ретте біздің елге басты қауіп төндіретіні тек жер сілкінісі ғана емес – су тасқыны немесе сел де қауіпті.
Қазақстан үшін сақтандыру
Су тасқыны жер сілкіністері сияқты қиратып, өлімге әкеле бермейді, бірақ олар әлдеқайда жиі болады және үлкен аумақтар су астында қалуы мүмкін. Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру бағдарламасын әзірлеуге түрткі болған – 2024 жылғы су тасқындары, олар кемінде 250 млрд теңге залал келтірген еді.
Тұрғын үйді міндетті сақтандыру – бұл қорғау механизмі, оны тек Түркияда ғана емес, сонымен қатар апаттарға ұшырайтын Жапония, Румыния, Жаңа Зеландия сияқты көптеген елдерде де жылдар бойы енгізіп келді. Айта кетсек, біз «Евразия» осы елдердің қайта сақтандыру бағдарламаларына қатысып, төтенше жағдайларды басқаруда олардың маңыздылығын жақсы түсінеміз.
Ерте ме, кеш пе біз тұрғын үйді, соның ішінде мемлекеттік деңгейде, кешенді сақтандыру жүйесін құруға мәжбүр боламыз. Бұл оңай жұмыс емес, бірақ өте маңызды. Көптеген елдер дәл осы жолды таңдады.
Авторы:
Қайрат Чегебаев
CFA, "Евразия" СК басқарма төрағасыПроизошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.