$APPLICATION
Су тасқыны салдарынан Қазақстанның батысы мен солтүстігінде зардап шеккен өңірлерде халыққа келтірілген мүліктік залал 6 млрд теңгеден асуы мүмкін. Залалдың жартысынан көбі Ақтөбе облысына тиесілі, онда ауылдық елді мекендердегі барлық жеке тұрғын үйлердің 1,8 пайызы су басу аймағында болған.
"Евразия" СК мамандарының есептеулері жылжымайтын мүлікке ықтимал залалды, жоғалған және бүлінген мүлікті, оның ішінде тұрмыстық заттарды, көлік пен ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ жеке тұлғаларға тиесілі малдың өлім-жітімін қамтиды. Бүлінген инфрақұрылым объектілеріне: автожолдарға, көпірлерге, темір жолдарға, байланыс, электр тарату және сумен жабдықтау желілеріне, сондай-ақ мемлекеттік мүлік объектілеріне залалды мемлекеттік органдар жеке бағалау жүргізулері тиіс.
Қазір залалдың нақты сомасы туралы айтуға әлі ерте, есептеулер Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері негізінде алдын ала сипатта болады.
Қазір залалдың нақты сомасы туралы айтуға әлі ерте, есептеулер Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері негізінде алдын ала есептелген. Бағалау бойынша мамандар су басу аймағына түскен барлық зақымданған жылжымайтын мүлік объектілерін тексеріп, нақты залалдың мөлшерін анықтауы керек. Тұруға мүлдем жарамсыз немесе қауіпті апатты жағдайдағы тұрғын үй, сондай-ақ басқа да ғимараттар бұзылуға жатады.
"Біздің есептеулеріміз консервативті бағалауға негізделген, азаматтарға келтірілген нақты зиян айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. Өкінішке орай, су басқан аудандарда сақтандырумен қамту деңгейі өте төмен. "Евразия" СК су тасқынынан зардап шеккендердің, оның ішінде КАСКО ерікті сақтандыру шарттары бойынша автомобиль көлігінің иелері үшін өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты", – деп атап өтті Нұржан Джантуреев, "Евразия" СК басқарма төрағасының орынбасары.
Апат аймағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің басым көпшілігі сақтандырылмағанын, зардап шеккен аймақтарда жылжымайтын мүлік объектілерінің 1 пайыздан азы сақтандырылғанын атап өткен маңызды. Осылайша, залалды өтеумен мемлекет айналысады, сонымен қатар әртүрлі қайырымдылық ұйымдары, соның ішінде жеке тұлғалар мен бизнестің қайырымдылықтары есебінен, бұл туралы ресми түрде жарияланды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың басында Ақтөбе облысында ауылдық елді мекендерде 41,6 мыңнан астам жеке тұрғын үй ресми түрде тіркелген. Су тасқыны салдарынан олардың 1,8 пайыздан астамы зардап шекті. Қалалық елдімекендерді ескере отырып, облыста 92,7 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар.
ТЖМ деректері бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында су басу аймағында 1,5 мыңға жуық тұрғын үй болған, 17 мыңнан астам адам эвакуацияланған.
"Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі су тасқынынан болған төтенше жағдай көптеген басқа елдегідей бүкіл ел бойынша апатты тәуекелдерден міндетті сақтандырудың жаппай бағдарламасын әзірлеу және енгізу қажет екені туралы мәселені тағы да көтереді. Өкінішке қарай, көктемде су басу ықтималдығы жоғары, ал әрдайым бюджет есебінен зардаптардың салдарын жою үшін мемлекеттің ресурстары шексіз емес", – деп Джантуреев мырза өз сөзін қорытындылады.
Мысалы, өткен жылдың тамыз айында Словенияда қатты жаңбырдан кейін ең жойқын су тасқыны болған, ол €4,7 миллиард еуро шамасында зиян келтірді, бұл ретте шамамен 43 пайызға жуығы сақтандыру арқылы қорғаумен өтелді. "Евразия" СК қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша өзінің жауапкершілік үлесі шеңберінде словениялық сақтандыру компанияларына шамамен 1 млрд теңге төледі. Апатты тәуекелдерден, оның ішінде су тасқынынан сақтандыру жүйесі мүліктік шығындарды өтеуді отандық сақтандыру компаниялары есебінен де, халықаралық қайта сақтандыру механизмдер арқылы да жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Су тасқынынан халыққа келген мүліктік шығын 6 млрд теңгеден асуы мүмкін - NUR.KZ, 05.04.2024
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.