Жаңалықтар

Гонконгтағы өрт бүкіл әлем бойынша сақтандыру нарығына әсер етеді

05.12.2025

26 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 2: 51-де Гонконгтың өрт сөндіру пультіне Тай-По ауданындағы «Ван Фук Корт» (Wang Fuk Court) тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы алғашқы хабар келіп түсті. Кешеннің атауын қытай тілінен «ұлы игілік бақшасы» деп аударуға болады, енді ол тыныш қала өмірімен емес, Гонконг тарихындағы соңғы 77 жылдағы ең қауіпті өртпен байланысты болады.

Кешен 1983 жылы салынған және 31 қабатты сегіз мұнарадан тұрады. Барлығы кешенде 4650 адам тұратын 1984 пәтер бар.

Өзекті деректер бойынша, 156 адам қаза тапқан және қаза тапқандар саны ұдайы өсіп келеді. Полиция мен құтқарушылар ғимараттарды тексеріп, қаза тапқандардың денелерін пәтерлерден ғана емес, баспалдақ алаңдарынан, шатырлардан, техникалық үй-жайлардан да тауып жатыр. Әлі де шамамен 50 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, және олардың көпшілігі ешқашан табылмауы мүмкін.

Өлімге әкелетін комбинация

Ауқымды өрттің шығуына бірқатар факторлардың үйлесуі себеп болған: салғырттық, ауа райы жағдайлары, құрылыс мәдениетінің ерекшеліктері, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін материалдарды қолдану. Тергеушілерге әлі оқиғалардың хронологиясын қалпына келтіріп, барлық мән-жайларды анықтау қажет.

Өрт 2024 жылы басталған қайта құрылымдау  жұмыстарына байланысты ғимараттардың айналасына орнатылған бамбуктан жасалған құрылыс ағаштарынан шыққан. Бұл — Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің өзіндік ерекшелігі. Бамбук – жеңіл, икемді әрі өте берік материал, бірақ тез тұтанады. Пластик ұстағыш қорғаныс торы, терезелерді қорғау үшін қолданылған полистирол, сондай-ақ брезент оттың таралуын жылдамдатып, оның күшеюіне себеп болуы мүмкін.

Қатты жел от  жалынын күшейтіп отырды, ал мұнаралардың құрылымдық ерекшеліктері  ыстық түтін газдары мен ішіндегі суық ауа арасындағы тығыздықтың айырмашылығынан тарту әсерінің пайда болуына ықпал етті.  Соның нәтижесінде түтін мен от ішке оңай өтіп, жоғарғы қабаттарға жылдам таралған. Бұл өрт – бір-бірімен тоғысқан жағдайлардан туындаған қайғылы кездейсоқтық.

2024 жылдың ортасынан бастап «Ван Фук Корт» кешенінде қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілген бүкіл кезең ішінде бақылаушы органдар 16 тексеру шараларын жүргізген, олардың барысында көптеген бұзушылықтар анықталған, үш қылмыстық іс қозғалған, алайда бұл қайғылы оқиғаның алдын алу үшін  жеткіліксіз болды.

Бүгінгі таңда қасақана кісі өлтірген деген айып бойынша 13 адам тұтқындалды: қайта құруға тікелей қатысқан жұмысшылар мен инженерлер, сондай-ақ мердігер компанияның менеджменті.

Өртке арналған андеррайтинг

Адамзат өз қатесін өзі көріп  үйренеді, бірақ көбіне бұл сабақтардың құны ондаған және жүздеген жазықсыз адамдардың өмірімен өтеледі. Жіберілген қателіктер мен қайғылы оқиғалар үшін мүліктік шығынды өтеу үшін сақтандырудан жақсы ештеңе ойластырылмаған.

 

Мұндай ауқымды өрттер биік ғимараттарда, сөзсіз, төтенше жағдайлар болып саналғанымен, өкінішке орай, тек Гонконг үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де сирек құбылыс емес. 1996 жылы Гонконгтағы 16 қабатты Garley бизнес орталығы өртеніп, соның салдарынан 41 адам қаза тауып, тағы 81 адам жарақат алған.

2015 жылы Жаңа жыл қарсаңында, 31 желтоқсанда, Дубайда Бурдж-Халифа маңында орналасқан 63 қабатты 300 метрлік Address Hotel Downtown қонақ үйінен өрт шыққан. Бақытына орай, зардап шеккендер болмаған, медициналық көмекке 16 адам жүгінген. Өрт 40 қабатты алып кеткен, өрттен келген шығын $460 млн. астам болды.  Ғимарат сақтандырылған, төлемдерді әлемнің түкпір-түкпірінен қайта сақтандыру компаниялары, соның ішінде біздің компания да жүзеге асырды. Ол кезде «Евразия» сақтандыру компаниясы өзінің жауапкершілік үлесі бойынша $247 мың төлеген болатын.

AM Best рейтингтік агенттігінің деректері бойынша, «Ван Фук Корттағы» өрт бойынша шамамен $200 млн мөлшеріндегі жалпы мүліктік зиянның едәуір бөлігін қайта сақтандыру шарттары бойынша қол қойылған үлестерге сәйкес, факультативтік, пропорционалды және пропорционалды емес бағдарламаларды қоса алғанда, қайта сақтандырушылар өтейді деп күтілуде. Сондай-ақ, қайта құруды жүзеге асыратын компанияның $40 млн өтеу  лимитімен үшінші тұлғаларға келтірген шығыны үшін жауапкершілігі сақтандырылған.

Қазақстан үшін де тұрғын үй мүлкін әртүрлі апаттық қауіптерден, оның ішінде өрттен сақтандыру,  сондай-ақ құрылыс-монтаждау  жұмыстарын  сақтандыру  тәжірибесі артық болмас еді. Бұл төтенше жағдайлардың салдарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

«Ван Фук Корт» ғимаратындағы өрт көрсетіп отырғандай, биіктікте жүргізілетін жұмыстар тұрғындар мен жұмысшылар үшін тәуекелді арттырады. Сақтандыру зардап шеккендерді қорғауды және  туыстарына өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді. Егер мердігер материалдарды үнемдеп немесе нормаларды бұзған болса, сақтандыру арқылы қорғау толық көлемде қаржылық жауапкершілік тәуекелін азайтады.

Екінші жағынан, сақтандыру нормалардың сақталуын ынталандырады, өйткені сақтандыру компаниялары қауіпсіздік туралы есептерді талап етеді және мердігерлердің сертификатталған жанғыш емес материалдарды қолдануын қадағалайды.

Гонконгтағы қайғылы оқиға - тұрғын үйлерді жөндеу немесе салу кезіндегі салғырттықтың қандай апаттарға алып келетінінің айқын мысалы. Биіктіктегі жұмыстарды сақтандыру - жай формальдылық емес, өмірді, денсаулықты және мүлікті қорғаудың маңызды тетігі.

Өрт қаупі іс жүзінде  мүлікті қайта сақтандырудың барлық бағдарламаларына (Property Damage) енгізілген. «Евразия» сақтандыру компаниясының андеррайтингтік саясаты өткен жылдан бастап халықаралық қайта сақтандыру нарығындағы мөлшерлемелердің жеңілдетілуіне қарамастан, айтарлықтай қатаң күйінде қалып отыр. Менің ойымша, «Ван Фук Корт» өрт оқиғасы көптеген сақтандыру компанияларының андеррайтингіне әсер етіп, кем дегенде аймақта жылжымайтын мүлікті өрт қаупінен сақтандыру бағасының өсуіне түрткі болады.

Өздеріңіз білетіндей, ғимараттар қалпына келтірілгеннен кейін де, адамдар онда тұрғысы келетініне күмән көп. Мүмкін, бүкіл кешен бұзылып, орнына жаңалары салынуы мүмкін, әсіресе ол 40 жылдан астам бұрын салынған және заманауи  биік тұрғын үйлерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейді.

Өрт кезіндегі шығу жолы әрдайым көмектесе бермейді

Биік ғимараттар салу – бұл бүкіл әлемдегі ірі қалалардың урбанизацияға беретін табиғи жауаптарының бірі. Адамдар қалаларға шоғырланады, жерге деген сұраныс өседі, ал құрылыс компаниялары тұрғын үйді қолжетімді ету үшін құрылыс тығыздығын арттырады. Алматы, Астана және Шымкент те осы үрдістен тыс қалмайды. Қазақстандағы ірі қалалардағы қалалық құрылыс жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үйлердің көпшілігі 15 қабаттан жоғары тұрғын кешендер болып табылады. Келесі бес–он жыл ішінде Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлердің орташа биіктігі 20–30 қабатты немесе одан да биік болуы мүмкін.

Сонымен қатар ғимараттар конструкциясының өртке қарсы қауіпсіздігіне, құрылыста отқа төзімді материалдарды пайдалануға, адамдарды эвакуациялауды жеңілдетуге қойылатын талаптар артады.

Бүкіл елдерде биік ғимараттардағы өрттер әдетте ең жоғары, яғни бесінші күрделілік санатына жатқызылады. Себебі, жоғары биіктікте отты тиімді сөндірудің мүмкіндіктері шамалы: баспалдақтар мен өрт сөндіру шлангтері жетпеуі мүмкін, ал ғимарат шатырында су бүрку үшін тікұшақты пайдалану іс жүзінде нәтиже бермейді.

От биік қабаттардағы адамдар үшін өрт кезінде шығу жолдарын жауып қоюы мүмкін, және оларды құтқарудың жалғыз мүмкіндігі – жедел түрде эвакуацияны ұйымдастыру. Өртті сөндіру және оқшаулау  көбінесе автоматты өрт сөндіру жүйелеріне қалдырылған, алайда бұл жүйелер жоғары температура әсерінен істен шығуы мүмкін.

«Ван Фук Корт» ғимаратындағы өрт адам мен қазіргі өмір салтының  дүлей апат алдында қаншалықты нәзік екенін тағы бір мәрте көрсетті. Өрт пен адамның өмірінің арасында инженер тұр, алайда оған үшінші тұлғалардың салғырттығы немесе күтпеген жағдайлар кедергі болуы мүмкін.

P.S.: Алыстағы су жақын тұрған отты сөндіре алмайды.

Самат Кабдолов

«Евразия» СК басқарма төрағасының бірінші орынбасары



05.12.25 - Forbes.kz - 
Как пожар в Гонконге повлияет на рынок страхования по всему миру


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!