$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Түркияда болған жер сілкінісіне бір жыл: Қазақстаннан берілген сақтандыру төлемі 15 млн еуродан асты

06.02.2024

"Евразия" сақтандыру компаниясы тура бір жыл бұрын Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзала салдарынан мүлікке келтірілген залал үшін жалпы 15 млн еуро немесе 7,25 млрд теңгеден астам сома төледі.

2000 жылдан бастап Измирдегі жер сілкінісінен кейін Түркияда Turkish Catastrophe Insurance Pool (TCIP) деп аталатын жер сілкінісінен міндетті сақтандырудың ұлттық бағдарламасы жұмыс істейді, оның шеңберінде жеке үй иеліктері сақтандырылады. TCIP шеңберіндегі сақтандыру өтемінің ең жоғары мөлшері полистің орташа құны жылына 15 АҚШ доллары болған кезде 34 мың долларды құрайды.

TCIP бағдарламасының міндетті сипатына қарамастан, Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарындағы үй шаруашылықтарының тек 50 пайызы сақтандыру төлемімен қамтылды. Мәлімделген шығын көлемі тек бағдарлама бойынша 2 млрд доллардан асты, 8 мыңнан астам ғимарат, оның ішінде көппәтерлі үйлер толығымен қирады (шамамен 22 мың тұрғын үй). Түрік сақтандыру компаниялары зақым келген жылжымайтын мүлік иелерінен барлығы 420 мыңға жуық өтініш алды, оның 330 мыңы аздап зақымданған және қалпына келтіруге жатады.

"Түркиядағы жер сілкінісі өткен жылы ондаған мың адамның өмірін қиған ең ауыр табиғи апат болды. Сонымен қатар 2 млнға жуық адам баспанасыз қалды және TCIP міндетті сақтандыру бағдарламасы олардың едәуір бөлігіне алғашқы сақтандыру төлемдерімен бірге бұрынғы өмір қалпына оралуға көмектесті", – деп атап өтті "Евразия" СК Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Самат Қабдолов.

"Евразия" СК қайта сақтандырушы ретінде әлемнің түкпір-түкпірінен ірі сақтандыру компанияларымен бірге TCIP міндетті сақтандыру бағдарламасына да, тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру бағдарламаларына да қатысады. Компания жүзеге асырған 15 млн еуро сақтандыру төлемінің 5,9 млн еуросы TCIP бағдарламасына тиесілі.

"Қайта сақтандыру бағдарламалары бүкіл әлем бойынша тәуекелдерді қайта бөлуге мүмкіндік береді, бұл сақтанушыларға миллиардтаған шығын болған жағдайда да төлем алуға кепілдік береді. Жақында Алматыда болған жер сілкінісі өмірдің болжамсыздығы мен табиғат күштері алдындағы осалдығымызды тағы да еске салды. Бізде басқалардың қателіктерінен сабақ алу мүмкіндігі болған кезде, біз, ең болмағанда, жер сілкінісі болған жағдайда Түркияның үлгісімен сақтандыру арқылы қорғау туралы байыппен ойлануымыз керек", – деп сөзін қорытты Самат Қабдолов.

AON сақтандыру брокерінің мәліметі бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі 2023 жылғы ең жойқын оқиға болды, экономикалық шығын 92 млрд доллардан асты, бұл ретте сақтандырылған шығындар тек 5,7 млрд доллар немесе 6,2 пайызды құрады. Түркия үкіметінің мәліметі бойынша жер сілкінісінен экономикалық шығын 110 млрд доллар немесе ЖІӨ-нің 9,5 пайызын құрады.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 6 ақпанында Түркияның оңтүстік-шығысында 7,8 және 7,5 магнитудамен екі үлкен жер сілкінісі болды. Артынан бірнеше мыңдаған жер асты дүмпулері тіркелді.

Жер сілкінісі салдарынан 50 мыңнан астам адам қаза тапты, тағы 107 мың адам түрлі жарақат алды. 11 провинция қатты зардап шекті, атап айтқанда: Кахраманмараш, Адыяман, Диярбакыр, Малатья, Килис, Хатай, Газиантеп, Адана, Шанлыурфа, Османие және Элязыг. Жер сілкінісінің салдарынан тікелей немесе жанама түрде 13,5 миллионнан астам адам немесе Түркия халқының 15,8 пайызы зардап шекті.

"Евразия" СК бүкіл әлем бойынша апатты тәуекелдерден қайта сақтандыру бағдарламаларына қатысудың көп жылдық тәжірибесіне ие. Компания жер сілкінісінен, өрттен, дауылдан және су тасқынынан зардап шеккендерге миллиардтаған төлемді жүзеге асырды.


Түркияда болған жер сілкінісіне бір жыл: Қазақстаннан берілген сақтандыру төлемі 15 млн еуродан асты - NUR.KZ, 06.02.2024 



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!