$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Маңғыстауда түйе жол-көлік оқиғасының себепкері болды: «Евразия» СК 14 млн теңге төледі

09.10.2023

«Евразия» сақтандыру компаниясы жол бойында түйемен соқтығысқан көлік иесіне 14,1 млн теңге төледі. Жануар оқиға орнында өліп қалған, сот жол-көлік оқиғасына көлік жүргізушісін кінәлі деп тапты. Дегенмен, КАСКО полисінің арқасында «Евразия» сақтандыру компаниясы автокөліктің жөндеу жұмыстарына сақтандыру төлемін жасады.

Жол-көлік оқиғасы Маңғыстау облысында Шетпе және Жетібай ауылдары арасындағы республикалық маңызы бар жол бойында болған. Exeed VX автокөлігінің жүргізушісі өзімен қатарлас келе жатқан көліктің кесірінен жол бойына жүгіріп шыққан түйені байқамай қағып кеткен.

Түйе оқиға орнында өліп қалған. Жануармен соғысып автокөліктің сол жақ бөлігі зақымданған. Сот автокөлік жүргізушісін кінәлі деп тапқан.

«Өкінішке орай, жыл сайын жол бойында жабайы және үй жануарларымен болған жол-көлік оқиғалары саны артып келеді. Бұл жолы автокөлік жүргізушісінің жолы болды десек болады, дегенмен көліктің алдыңғы бөлігі зардап шеккен, - деп айтты «Евразия» СК Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жантөреев», - КАСКО автокөлікті толық бағасына сақтандыруға мүмкіндік береді және түйемен соқтығысу сияқты әдеттегіден тыс жағдайларда да төлемақы алуға көмектеседі».

Жануармен болған жол-көлік оқиғасының шығындарын кім өтейді?

Егер жүргізуші жануарды «Малды айдау» белгісі бар жерде қағып кетсе, онда кінә жүргізушіде болады. Ал белгі жоқ болса, жауапкершілік малдың иесіне артылады.

Жабайы жануарлармен болған жол-көлік оқиғасында кәніле деп танылған жүргізуші автокөлікті өз қаражатына жөндейді. Ал үй жануарларымен болған оқиғада мал иесі немесе мал бағып жүрген адам жауапты деп танылуы мүмкін.

Тәжірибе көрсеткендей, жануардың иесін және сәйкесінше материалдық залалды өтеу жауапкершілігі жүктелген адамды анықтау өте қиын. Жануар иесі өз малын мойындамауы мүмкін, ал оны анықтамай төлем өндіріп алу мүмкін емес.

«Жүргізуші мал иесінен сот арқылы өтемақы талап ете алады, бірақ кінәлі тараптың қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан КАСКО полисі жүргізушінің кінәсінің дәрежесіне және кінәлілердің болуына қарамастан автокөлікті қалпына келтіру үшін тиісті сақтандыру төлемін алуға көмектеседі», – атап өтті «Евразия» сақтандыру компаниясы өкілі.

SmartCASCO бағдарламасы бойынша eurasia36.kz сайтында немесе «Евразия» СК кеңселерінде сақтандыру бағасын есептеп 50% жеңілдікпен рәсімдей аласыз. 11 айға дейін бөліп төлеу қарастырылған.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, 2023 жылдың сегіз айында жануарлармен соқтығысу салдарынан 68 жол-көлік оқиғасы орын алып, 26 жүргізуші мен жолаушы қаза тауып, 135 адам денсаулығына зиян келтірген. Сонымен қатар, бұл статистика адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларды ғана ескереді.


Маңғыстауда түйе жол-көлік оқиғасының себепкері болды: «Евразия» СК 14 млн теңге төледі - Stan.kz, 09.10.2023



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!