$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Қайрат Чегебаев: 30 жыл ішінде "Евразия" СК Қазақстандағы қаржы қызметтерінің ірі экспорттаушысына айналды

14.05.2025

2024 жылы «Евразия» рекордтық  $170 млн, немесе бейрезиденттерден барлық қайта сақтандыру сыйлықақыларының 70% - ға жуығын тартты.

Отандық экономистер Қазақстанға мұнайлық емес экспортты дамыту керек деп табандылықпен қайталап келеді, және бұл пікірмен келіспеуге болмайды, ал ең дұрысы  - оны жүзеге  асыруға тырысу керек.

Шикізат — көмірсутектер мен металдар экспорты – осы уақытқа дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті кірістерінің елеулі көзі болып табылады, елге шетел валютасының ағынын қамтамасыз етеді. Оң төлем балансы - теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі. Мұндай жағдайда Үкімет пен Ұлттық Банк күш-жігерін валютаның жаңа көздерін іздеуге жұмылдырады.

Қаржыгерлер валютаны тек сыртқы қарыз алу  есебінен тартумен шектелмейді және «Евразия» сақтандыру компаниясының осы бағыттағы жиырма жылдық тәжірибесі мұның айқын дәлелі.

Экспортқа сақтандыру

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2024 жылы Қазақстанның қаржы секторы сақтандыруды есептемегенде, шетелге $930 млн-ға қызметті экспорттады, $651 млн-ға импортты жүзеге асырды. Сақтандыру компаниялары сол жылдары қызметтерді экспорттады, яғни шетелден қайта сақтандыруға  $265 млн-ға сыйлықақы алды, бұл ретте, шетелдік сақтандырушыларға $80 млн-ға жуық сыйлықақыны қайта сақтандыруға берді, яғн импорттады.

Әлемде қайта сақтандыру сыйымдылықтарына деген сұраныс үнемі өсіп келеді, климаттық өзгерістер із-түссіз жоғалып кетпейді. Табиғи сипаттағы апатты оқиғалардың жиілігі, олардың қиратушы салдарлары  артуда. Бұл үрдіс Қазақстанды да   айналып өтпеді. Қазіргі уақытта ел тұрғын мүлікті халық үшін апатты тәуекелдерден сақтандырудың релевантты моделін әзірлеу  барысында.

Ірі отандық қайта сақтандырушы ретінде «Евразия» СК үшін  жаһандық тәуекелдердің өсуі Қазақстанға барынша көп шетелдік клиенттерді және тиісінше валюталарды тартуға мүмкіндік береді. Мәселен, 2024 жылы «Евразия» үлесіне Қазақстанға кіретін барлық бейрезиденттердің қайта сақтандыру сыйлықақыларынан 66,97% немесе 80 млрд теңге тиесілі болды, бұл біздің қаржылық экспортқа қосқан үлесіміз. Қазақстанда тек ішкі тұтынушыға ғана емес, халықаралық нарыққа да жұмыс істейтін сақтандыру бизнесін құру әбден мүмкін.

Биыл «Евразия» СК 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы уақыт ішінде ол өткен жылы шетелдік клиенттерден $170 млн (орташа жылдық бағам бойынша $1 үшін 469,44 теңге) қайта сақтандыру сыйлықақысын жинап, Қазақстанның барлық сақтандыру компаниялары арасында қаржылық қызметтердің ірі экспорттаушысына айналды. Яғни, Қазақстанның  экономикасына қаржы және сақтандыру ұйымдары тартқан $1,2 млрд, 14% -дан астамы тек біздің компанияның үлесін құрайды.

Тұрпайы нәтижелер

«Евразия» сақтандыру компаниясы 1995 жылы капиталы бар-жоғы 1 млн теңге немесе сол жылғы бағам бойынша $17 мыңға жуық ($1 үшін 60,98 теңге) шағын айммақтық  компания ретінде құрылған. 2003 жылы компания қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алды. ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша капитал көлемі 291 млрд теңгеге жетті, бұл жалпы сақтандыру нарығының 45,6% -ын құрайды, активтер 639 млрд теңгеден немесе 44,2% -дан асты. Өткен жылы «Евразия» СК 60,7 млрд теңгеден астам табыс тапты - бұл жалпы сақтандыру секторының барлық табысының іс жүзінде жартысын құрайды. Бұл шын мәнінде Қазақстанның ішінде де, одан тысқары жерлерде де бизнесті әртараптандыруға ықпал еткен тамаша нәтижелер:  қазіргі таңда  компания әлемнің 100-ден астам елінде жұмыс істейді. Бизнес көлемі мен негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша «Евразия» СК алғашқы ондықтағы отандық банктермен салыстыруға болады.

Қазіргі уақытта «Евразияға» екі халықаралық рейтингтік агенттіктің бағасы берілді. Олардың біріншісі - сақтандыру компанияларын бағалауға маманданған A.M. Best-тен: қаржылық тұрақтылық рейтингі - B++ ұзақ мерзімді - bbb +, болжам - «Тұрақты». Екінші рейтинг - S&P Global Ratings-тен: ВВВ деңгейінде, «тұрақты» болжаммен - ТМД-дағы сақтандырушылар арасындағы ең жоғары, тіпті Қазақстанның егеменді рейтингінен бір саты жоғары.

Жоғары рейтингтер бізге ірі халықаралық жобаларға қатысуға мүмкіндік бере отырып, шетелдік нарықтарды игеруге көмектеседі. Біз американдық технологиялық сектордың «керемет жетілік» компанияларының көпшілігімен жұмыс істейміз. Сонымен қатар, компанияның дәстүрлі трансұлттық алпауыттармен, соның ішінде Boeing, Disney, BASF, Walmart, General Electric, Siemens және басқалармен ынтымақтастықтың табысты көп жылдық  тарихы бар.

Атақты компаниялар бізге тәуекелдерді жай ғана сеніп қоймайды.  «Евразия» СК сараптаманы, андеррайтинг сапасын және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жылдамдығын арттыра отырып, көп жылдар бойы бұған қажырлы еңбекпен қол жеткізді. Компания өзінің қаржылық тұрақтылығы бойынша А және одан да жоғары талаптарға сәйкес келеді және одан әрі өсу тек егеменді рейтингпен шектеледі. Мұның бәрі «Евразия» СК-нің жаһандық қайта сақтандыру нарығының бір бөлігі болуына мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімді бизнес

Қаржы секторының экспортқа қосқан үлесі айтарлықтай байқалуы мүмкін және «Евразия» СК тәжірибесі осыны дәлелдейді. Қазақстанның кіріс қайта сақтандыру нарығы ретіндегі ішкі әлеуеті әлдеқайда күшті: жақын маңдағы Орталық Азия елдері мен ірі батыс сақтандырушылары әрқашан сапалы қайта сақтандыру сыйымдылықтарын іздеуде.

Ішкі нарықтың сыйымдылығы біздің экономикамыздың көлемімен шектеледі, жалпы сақтандыру секторы тек ішкі ресурстар есебінен озық қарқынмен өсе алмайды. Кіріс халықаралық қайта сақтандыру валютада түсетін қайта сақтандыру сыйлықақылары есебінен нақты өсу нүктесі болып табылады. Мұндай стратегия тәуекелдерді әртараптандыруға ықпал етеді.

Халықаралық қайта сақтандыру - елге валютаның тұрақты ағынын қамтамасыз етуге қабілетті шексіз нарық, бірақ ол үшін қаржылық тұрақтылық бойынша да, сараптама бойынша да жоғары деңгейге сәйкес келу қажет. Қимылдаған қыр асар: «Евразия» СК халықаралық нарықта танылған ойыншы және қазақстандық сақтандыру нарығының визит карточкасы бола алды.

Қайта сақтандыру - бұл ұзақ мерзімді бизнес. Қазақстанға халықаралық нарықтарда жұмыс істеу үшін орасан зор ішкі сақтандыру нарығы болуы міндетті емес. Сингапурлық және швейцариялық қайта сақтандырушылар ішкі нарықтардан еселеп асып түсетін сыйлықақыларды жинайды. Қаржы экспорты мұнай долларын толығымен алмастыра алмауы мүмкін, бірақ валюталық түсімнің қосымша көзі болуы мүмкін. Бүгінгі таңда  «Евразия» СК жыл сайын экономикаға шетел валютасының ағынын арттыра отырып, Қазақстанның қаржылық тұрақтылығына елеулі үлес қосуда.

Мақалаға сілтеме: Сақтандыру компаниясы қалай Қазақстандағы қаржы қызметтерінің ірі экспорттаушысына айналды 


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!