$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандырудың құны саралануы тиіс

25.04.2025

Нұржан Джантуреев, «Евразия» СК басқарма төрағасының орынбасары

Қазақстанның барлық өңірлерінде, әсіресе апатты оқиғалардың орын алу  қаупі неғұрлым ықтимал жерлерде, жылжымайтын тұрғынжай  міндетті сақтандырумен қамтылуы тиіс. Қазақстан аумағының 70% -ға жуығы ықтимал апаттар аймақтарында орналасқан.

Бұл ретте жылжымайтын  тұрғынжайды міндетті сақтандырудың құны аймақтар  бойынша саралануы тиіс. Алматы мен оңтүстiк аймақтарға жер сiлкiнiсi, солтүстiк пен орталық аймақтарға   су тасқыны қауiп төндiредi. Бұл ретте, таң қаларлығы, елеулі жер сілкіністері батыста, Каспий маңы ойпатында және елдің орталық бөлігінде - Қарағанды мен Астанада бірнеше  дүркін тіркелген. Қандай да бір дәрежеде апатты тәуекелдер Қазақстанның басым бөлігіне қауіп төндіреді және бұл жағдайды назарға алу қажет. Жарты триллион теңгеге зиян келтірген өткен жылғы су тасқыны соңғы тамшы болды.

Сақтандыру құнына әсер ететін коэффициентті анықтау үшін ауқымды жұмысты, оның ішінде актуарлық және талдамалық жұмысты жүргізу қажет. Әрбір аймақта  ТЖ бойынша көп жылдық деректерді көтеріп, математикалық модельдерді құру қажет. Сақтандырудың ең көп құны бұрын жер сілкінісі салдарынан қираған Алматыда, сондай-ақ жыл сайын әртүрлі дәрежедегі су тасқыны болуы мүмкін аймақтарда  болатыны түсінікті.

Сақтандыру өтемінің құны тәуекелдерге ғана емес, сақтандыру сомасына да байланысты. Билік зардап шеккендерге төлеуді жоспарлап отырған шекті соманың мөлшері, сондай-ақ жойылуы өтелетін жылжымайтын мүліктен басқа мүлік тізімі - жиһаз бен техника да әсер етеді. Әлі жоба болып табылмайтын құжатта сақтандыру құнына 500 еселік төлем туралы өз қозғалып отыр.

Ең дұрысы, билік мұндай ауылдардың тұрғындарын су басу қаупі бірнеше есе төмен болатын таулы жерлерге көшіруі керек. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстік-шығысында Флорида штатының кейбір аудандарында, әсіресе су тасқынына жиі ұшырайтын, қауіпті жерлерде жылжымайтын мүлік сатып алудан әлеуетті иеленушілерді уәждемейтін сақтандыру тарифтері белгіленген.  Қазақстан билігінің  мәселені мұндай жолмен  шешуі екіталай, сондықтан мәселені қоныс аудару арқылы шешуді қарастырған жөн.

Жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру модельдері туралы көптеген пікірлер бар. Әлемде климат, география, экономика және халық тұрғысынан ұқсас екі бірдей ел жоқ. Сондықтан әрбір ел қазіргі жағдайға сәйкес келетін факторлардың неғұрлым көп санын ескеретін өз моделін жасайды.

Біз әртүрлі үлгілердің арасынан  үздіктерін таңдап алып, қазақстандық ақиқатқа  бейімдеуіміз керек. Бірақ Қазақстанға  сәйкес келетін ең қолайлы модельдер туралы айтатын болсақ, олар Түркия мен Румыния. Бұл елдерде тәуекелдер жиынтығы, сондай-ақ экономикалық даму деңгейі шамамен бірдей. Бұл ретте сақтандыру мәдениетінің әлі де қатты  дамымағанын атап өту қажет. Сақтандыру өтемi бұқаралықты қамтамасыз ету үшiн мiндеттi және қол жетiмдi болуы тиiс. Сақтандыру төлемі адам мен оның отбасы апаттан кейін көшеде қалмауы үшін өз аймағында негізгі  тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беруі тиіс. Түркияда міндетті бағдарлама бойынша ең көп сақтандыру төлемі $35 мыңды құрайды. Бұл ретте полистің орташа құны жылына шамамен $20 құрайды. Лимиттен тыс сақтандыру өтемiн меншiк иелерi нарықтық шарттарда қосымша сатып ала алады. Біз шамамен осы параметрлерге ұмтылуымыз керек.

Жылжымайтын мүлікті апатты тәуекелдерден міндетті сақтандыру жағдайында сақтандыру компанияларының сөзсіз пайдасы туралы айта кеткен дұрыс емес шығар. Дегенмен, бұл сақтандырудың әлеуметтік класы, оған елдің қалпына келуі, азаматтардың өмір сүруі ғана емес, кейде тіпті мемлекеттің  өзі де байланысты болуы мүмкін. Мысалы, Гаитидегі  жүздеген мың адамның өліміне әкелген жойқын жер сілкінісінен кейін билік органдары бақылаудан айрылды, ал мемлекет іс жүзінде гуманитарлық көмекке тәуелділік нәтижесінде егемендігінен айрылды. Сақтандырудың маңыздылығы қаржылық тәуекелдерді өтеуден тұрады. Қолданыстағы тетіктер мен сақтандыру өтемі болмаған жағдайда, мемлекет барлық тәуекелдерді дербес  көтереді.

Бұл ретте тұрғын үйді міндетті сақтандыруды енгізуде сақтандыру компанияларына сыйлықақылар жинау және кейінгі төлемдерді жүзеге асыру бойынша маңызды орын беріледі. Бұл іс жүзінде халық алдындағы, әсіресе дағдарыс жағдайында, аса жоғары  жауапкершілік.

kursiv.media - Обязательное страхование жилья обсуждают в Казахстане 


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!