Хотите у нас работать?

Су көлігі құралдарын пайдалану барысында әртүрлі күтпеген оқиғалар орын алулары мүмкін, олар су көлігінің зақымдануына немесе жоғалуына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде, иесінің қаржылық жағдайына елеулі соққы болуы мүмкін.

Су көлігін сақтандыру объектісі кез келген теңіз, өзен кемелері, оның ішінде шағын тоннаждылар (яхталар, катерлер, су мотоциклдері) болып табылады. Оларды көлік құралының өзінің де, оның ішкі жабдығының да бұзылуымен, зақымдануымен, жоғалуымен байланысты барлық тәуекелдерден сақтандыруға болады.


- Стандартты тәуекелдер

Сақтандыру жағдайы келесі оқиғалардың салдарынан су көлігін жоғалту (жойылу) немесе зақымдануы болып табылады:

«Кеменің жойылуы мен зақымдануы үшін жауапкершілікпен»

Кемелердің соқтығысуының, дүлей апаттардың, әртүрлі құрылымдағы теңіз топырағына немесе теңіз түбіне тиюдің, қайырға отырып қалудың салдарынан орын алған сақтандырылған мүліктің зақымдануы немесе жойылуы ; суға бату, аударылу, басқа кемемен немесе қандай да бір басқа жылжымайтын немесе қалқымалы объектімен, мұзды қоса, кездейсоқ күтпеген жерден соқтығысу, айлақтардың, доктардың, кемежайлардың жабдықтарымен және құрылыстарымен, айлақ қабырғаларымен, қадалармен соқтығысу, жүкті тиеу/түсіру кезіндегі кеменің зақымдануы.


Сақтандыру тарифі
Сақтандыру тарифі су көлігінің типіне, мақсатына және жасалған жылына, сақтандыру сомасының мөлшеріне, географиясына және т.б. байланысты белгіленеді.
Қосымша
«Евразия» СК" АҚ IUMI (International Union of Marine Insurance) Халықаралық теңіз сақтандыру одағының мүшесі болып табылады .


Су көлігінің иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Су көлігінің иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жолаушылардың денсаулығы мен өміріне, олардың мүлкіне, сондай-ақ тасымалданатын жүктердің иелерінің мүдделеріне залал келтірумен байланысты күтпеген қаржы шығындарынан сіздің бизнесті қорғауға мүмкіндік беретін сенімді және тиімді құрал болуы мүмкін.

Сақтандыру объектісі азаматтық заңнамамен белгіленген тәртіпте оның сақтанушымен су көлігін пайдалану кезіндегі зардап шеккен тұлғалардың өміріне және денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген залалды өтеу міндеттемесімен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері болып табылады.

Сақтандыру сомасы және сыйлықақысы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді .

- Стандартты тәуекелдер

Сақтандыру жағдайы ретінде су көлігін пайдалану кезінде зардап шегушілер ретінде танылған тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды өтеу бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактысы танылады.


Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.

Менеджермен байланысу:

Байланысқа арналған телефондар:
+7 (727) 258-43-36 (Алматы қ.)
8 800 080 0099 (Қазақстан бойынша тегін желі)

Бізбен байланысыңыз


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!