Хотите у нас работать?

Жүктерді тасымалдау — көптеген сауда және сервис компаниялары, өндірушілер мен көлік экспедиторлық фирмалар үшін бизнестің құрамдас бөлігі, және осы көлік тәуекелдері бизнес үшін негізгі алаңдаушылық көзі болып табылады. Жүктерді сақтандыру оларды құрту, ұрлау немесе бұзу тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Шартты жасау тасымалдау процесінде туындайтын жағымсыз жағдайлармен байланысты залалдарды жылдам өтеуге, тауарды өткізу желісінің жұмысын жедел қалпына келтіруге, өз мүдделеріңді де, және бизнес бойынша серіктестердің мүдделерін де қорғауға мүмкіндік береді. Бізде көліктің кез келген түрімен әлемнің кез келген түкпіріне тасымалданатын кез келген жүкті сақтандыруға болады!

- Стандартты тәуекелдер

Тасымалдау тәсіліне тәуелсіз жүкті тасымалдау кезіндегі оны жоғалту (жойылу) немесе зақымдау (бұзу) тәуекелі сақтандырылады.

  • А шарты — «Барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікпен».

  • Б шарты— «Күйреу жағдайларынан басқа, зақымдану үшін жауапкершіліксіз».

  • В шарты — «Өтелетін тәуекелдердің белгіленген тізімі».

Сақтандыру шарты "Барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікпен" де, және "Күйреу жағдайларынан басқа, зақымдану үшін жауапкершіліксіз" де жасалуы мүмкін.

Сақтандыру сомасы:
тасымалданатын жүк партиясының құны + тасымалдау және кедендік ресімдеу құны.
Сақтандыру тарифі
Сақтандыру тарифі жүктің, орамының сипатын, тасымалдау және (немесе) сақтау ерекшеліктерін, көлік пен бағыт түрін есепке ала отырып, жеке анықталады. 


Жүкті тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Іс жүзінде күн сайын кеңселерде көшулер, жүктерді жеткізу немесе габаритті/габаритті емес жүк тасымалдары жүзеге асырылады. Жүкті тасымалдаушылардың қызметтері жиі пайдаланылады, және көлік фирмасының жауапкершілігі бұл жағдайда - аса маңызды фактор. Жүктерді тасымалдау кезінде сіздің бизнесіңізге едәуір әсер етуі мүмкін жүктердің бұзылуы нәтижесінде күтпеген қаржылық шығындар (өтемақы немесе өтеу) қаупі жиі туындайды.

Жүкті тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру жүкті тасымалдау қызметін жүзеге асыру барысында үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне, жүкке залал келтіру жағдайында жүкті тасымалдаушының мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталған.

Сақтандыру сомасы және сыйлықақысы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

- Стандартты тәуекелдер

Сақтанушымен тасымалданатын жүкті зақымдау, жоғалту және/немесе жойылуы нәтижесінде, сақтанушымен көлік құралын тасымалдаушы ретінде пайдалану кезінде төменде аталғандардың салдарынан жүктің иесіне мүліктік залал келтіргені үшін сақтанушыны азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту туралы соттың шешімінің заңды күшіне енуі:

  • жол-көлік оқиғасының , тасымалдау құралының күйреуінің немесе соқтығысуының;

  • өрттердің;

  • тасымалдау құралының із-түзсіз жоғалып кетуінің;

  • үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің: бұзып ұрлау, тонау, қарақшылық шабуыл жасау.


Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.



Менеджермен байланысу:

Байланысқа арналған телефондар:
+7 (727) 258-43-36 (Алматы қ.)
8 800 080 0099 (Қазақстан бойынша тегін желі)

Бізбен байланысыңыз


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!