Сақтандыру объектісіне қатысты сақтандыру сыйлықақысы тәуекел дәрежесіне байланысты сақтанушымен берілетін мәліметтердің негізінде жеке анықталады, және ұңғымалардың географиялық орналасуы, ұңғымалардың саны, ұңғымалардың тереңдігі, жүргізілетін жұмыстардың түрі және т.б. секілді көптеген құрамдас факторларға сүйене отырып, есептеледі.
• ғимараттар мен құрылыстар, ауыстырылатын құрылғылар;
• құбыр желісі (мұнай және газ);
• бұрғылау платформаларының корпустары мен механизмдері және т.б.
Сақтандыру объектісі сақтанушы қайталап бұрғылаумен және сақтандырылған ұңғымаларды немесе олардың кез келген учаскелерін қалпына келтірумен, сынықтарын жоюмен, бөлшектеумен, бұзумен, ұңғыманың бақылаудан шығуының нәтижесінде бұзылған (зақымданған) мүлікті нығайтумен сақтандырылған ұңғымаларды бақылауға алу қажеттілігімен байланысты шеккен күтпеген шығындар тәуекелімен байланысты мұнай операцияларын жүргізу кезінде туындайтын сақтанушының мүліктік мүдделері болып табылады.
Қоршаған ортаны ластаумен, қоршаған ортаға келтірілген залалдың салдарларын жою бойынша шығындармен, үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілікпен байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.
Сақтандыру жағдайы орын алды және Сіз қиындықтарға тап болдыңыз. Егер Сізде "Евразия" СК" АҚ сақтандыру полисі бар болса, алаңдамаңыз. Біз Сізге тілектеспіз және көмек және қолдау көрсетуге дайынбыз. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізілуімен байланысты сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері бойынша онлайн кеңес беру және кері байланыс мәселелері бойынша ServiceCenter@theeurasia.kz электронды мекенжайына өтініш, орын алған оқиғаның мән-жайларын, өз сұрақтарыңызды жазып және өз байланыс деректеріңізді (ТАӘ, телефон және email) жіберіп, хабарласа аласыз және біздің құзыретті маман Сізбен хабарласады.