$APPLICATION
Сақтандыру Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580-ІІ "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы " Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi қауіпті өндірістік фактор өзінің үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірген зиянды өтеудiң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект иесiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады.
Объектілердің иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы ретінде қауіпті өндірістік фактормен үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды өтеу бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактысы танылады.
Сақтандыру сомасының мөлшері (АЕК):
600 000 |
егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ең көп ықтимал саны төрт мың адамнан асатын болса; |
350 000 |
егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ең көп ықтимал саны екі мыңнан көп адамды құрайтын, бірақ төрт мың адамнан аспайтын болса; |
225 000 |
егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ең көп ықтимал саны бір жарым мыңнан көп адамды құрайтын, бірақ екі мың адамнан аспайтын болса; |
115 000 |
егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ең көп ықтимал саны жеті жүз елуден көп адамды құрайтын, бірақ бір жарым мың адамнан аспайтын болса; |
50 000 |
егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ең көп ықтимал саны үш жүзден көп адамды құрайтын, бірақ жеті жүз елу адамнан аспайтын болса; |
30 000 |
егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ең көп ықтимал саны жүз елуден көп адамды құрайтын, бірақ үш жүз адамнан аспайтын болса; |
12 000 |
егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ең көп ықтимал саны жетпіс бестен көп адамды құрайтын, бірақ жүз елу адамнан аспайтын болса; |
5 000 |
егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ең көп ықтимал саны оннан көп адамды құрайтын, бірақ жетпіс бес адамнан аспайтын болса; |
1 000 |
басқа декларацияданатын қауіпті өндірістер үшін, егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ең көп ықтимал саны он адамға дейін құрайтын болса. |
Әрбір үшінші тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал үшін сақтандыру төлемі құрайды:
1) опат болу кезінде - 1 000 АЕК;
2) мүгедектікті белгілеу кезінде:
I топ – 800 АЕК;
II топ – 600 АЕК;
III топ – 500 АЕК;
"мүгедек-бала» - 500 АЕК;
3) мүгедектікті белгілемей мертігу, жарақат алу немесе денсаулыққа басқалай зақым келтіру кезінде - амбулаторлық және (немесе) стационарда емделудің нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 300 АЕК аспайды. Бұл ретте стационарда емделудің әрбір күні үшін сақтандыру төлемінің мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіштен аз құрамауы тиіс.
Мүлікті зақымдау кезінде келтірілген залалдың мөлшері сақтандыру жағдайының басталуына дейін орын алған мүліктің тозуын есепке ала отырып, оны қалпына келтіру құнын есептеуге сүйене отырып анықталады.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.