Өмір кездейсоқтықтарға толы, кейде жағымсыз жағдайлар да болады. Алайда олардың салдарларын жақсарту мүмкіндіктері де бар. Жазатайым жағдайлардан сақтандыру жеке және ұжымдық нысандарда (кәсіпорынның қаражаттарының есебінен) жүргізілуі мүмкін, осылайша, компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілік деңгейін,жұмыс берушінің беделін және қызметкерлердің адалдығын арттырады. Бұл қазіргі кездегі біздің болжап болмайтын өмірімізде өзін және өзінің қызметкерлерін қорғаудың қарапайым және заманауи тәсілдерінің бірі.
Сақтандыру объектісі шарттың қолданылу кезеңінде сақтандыру жағдайының басталуымен байланысты сақтанушының немесе сақтандырылушының мүліктік мүдделері болып табылады.
Сақтандыру жағдайы жазатайым жағдайдың нәтижесінде келесі жағдайдың басталуы болып табылады:
1) сақтандырылушының қайтыс болуы (сақтандыру төлемінің мөлшері — сақтандыру сомасынан 100% );
2) І топ мүгедектігі (сақтандыру төлемінің мөлшері — сақтандыру сомасынан 80% );
3) II топ мүгедектігі (сақтандыру төлемінің мөлшері — сақтандыру сомасынан 60%);
4) III топ мүгедектігі (сақтандыру төлемінің мөлшері — сақтандыру сомасынан 40% ).
Жазатайым жағдай ретінде сақтандырылушының денсаулығына залал келтірген, жарақаттаған немесе өлім жағдайына әкелген, сақтандырылушының ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсердің нәтижесінде адамның еркінен тыс басталған қысқа уақыттық оқиға (уақиға) түсініледі.
Сақтандыру жағдайы орын алды және Сіз қиындықтарға тап болдыңыз. Егер Сізде "Евразия" СК" АҚ сақтандыру полисі бар болса, алаңдамаңыз. Біз Сізге тілектеспіз және көмек және қолдау көрсетуге дайынбыз. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізілуімен байланысты сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері бойынша онлайн кеңес беру және кері байланыс мәселелері бойынша ServiceCenter@theeurasia.kz электронды мекенжайына өтініш, орын алған оқиғаның мән-жайларын, өз сұрақтарыңызды жазып және өз байланыс деректеріңізді (ТАӘ, телефон және email) жіберіп, хабарласа аласыз және біздің құзыретті маман Сізбен хабарласады.