$APPLICATION
Егер сіз "Евразия" СК клиенті болсаңыз - Сіз еш уайымдамасыңыз болады. Біз Сізге сіз үшін кез келген қолайлы уақытта кез келген көмекті көрсетуге және кеңес беруге дайынбыз. Шығындарды реттеу - бұл сақтандыру полисі бойынша Сіздің сақтандыру төлемін алу процесі. Сақтандыру жағдайы орын алған кезде, сақтандырушы ("Евразия" СК компаниясы) Сіз шеккен шығынды өтейді (автомобильді жөндеу, емханада емделу және т.б.). Егер Сізде сақтандыру жағдайы орын алған болса - дереу келесі телефондар бойынша "Евразия" СК тәулік бойына диспетчерлік қызметіне қоңырау шалыңыз:
Біздің мамандар не істеу керек және қандай реттілікпен жасау керектігін түсіндіреді.
Компанияға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізімі
1. Компанияға хабарласқан клиент ЖКО кінәлі болып табылады:
1) жеке куәлік;
2) КҚ техникалық паспорты;
3) жүргізуші куәлігі/ уақытша жүргізуші куәлігі;
4) сақтандыру полисі;
5) жол полициясының материалдары: әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, қосымшасымен ЖКО сұлбасы, ЖКО қатысушыларының түсіндірме жазбалары (бар болған жағдайда);
6) психобелсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысы (бар болған жағдайда);
7) егер сақтанушы заңды тұлға болса, жол парағы немесе жүргізуге берілген сенімхат.
2. Компанияға хабарласқан тұлға жәбірленуші болып табылады:
1) жеке куәлік;
2) КҚ техникалық паспорты;
3) егер өтініш білдіруші КҚ меншік иесі болып табылмаса, сақтандыру компаниясының мүддесінде өкілдік етуге КҚ иесінің сенімхаты;
4) жол полициясының материалдары: әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, қосымшасымен ЖКО сұлбасы, ЖКО қатысушыларының түсіндірме жазбалары (бар болған жағдайда).
Неғұрлым жиі кездесетін сақтандыру жағдайларын толық талдау және Сіздің машинаңызбен ЖКО орын алған кезде қабылдау қажет болатын шаралардың сипаттамасы.
Тоқтаңыз, өз автомобиліңізді ЖКО орнынан қозғалтпаңыз;
Апат белгісін қосыңыз және апаттық тоқтау белгісін орнатыңыз. Апаттық тоқтау белгісі елді мекенде ЖКО орнына дейін 15 м кем емес қашықтықта қойылады, елді мекеннен тыс - 30 м кем емес;
Орын алған жағдай туралы жол полициясына хабарлаңыз;
Егер зардап шегушілер болатын болса, жедел медициналық көмекті шақырыңыз. Жедел көмек экипажы келгенге дейін оларға қолыңыздан келетін көмекті көрсетуге тырысыңыз.
«Евразия» СК қоңырау шалыңыз.
Егер ол Сіздің сақтандыру бағдарламаңызбен қарастырылған болса, апаттық комиссардың келуін күтіңіз.
"Евразия" СК кеңсесіне Өтініш беріңіз, қажетті құжаттар пакетін және тексеріп қарау үшін сарапшыға зақымданған автомобильді көрсетіңіз.
Маңызды!
Жол полициясының қызметкерлері келгенге дейін апат орнынан кетіп қалмаңыз, автомобильді қозғалтпаңыз және ЖКО қатысы бар заттарға тимеңіз;
ЖКО сұлбасын жасағанға дейін ЖКО барлық қатысушыларының автомобильдерін қозғалтпаңыз, сұлбада көлік құралдарының орналасуы тіркеледі, мүмкіндігінше куәгерлердің қатысуымен және олардың Т.А.Ә., мекенжайлары мен телефондарын көрсете отырып.
Егер сіздің сақтандырылған мүлкіңізбен қандай да бір жағдай орын алған болса, жүзеге асыру талап етілетін рәсімдердің егжей-тегжейлі сипаттамасы.
Өрт сөндіру қызметіне хабарласыңыз;
Орын алған оқиға туралы "Евразия" СК хабарлаңыз;
Оқиға орын алған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішті жазыңыз және оны "Евразия" СК мекенжайына жіберіңіз.
Апаттық қызмет органдарына хабарласыңыз;
Орын алған оқиға туралы "Евразия" СК хабарлаңыз;
Оқиға орын алған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішті жазыңыз және оны "Евразия" СК мекенжайына жіберіңіз.
Гидрометеорологиялық қызметке / ТЖМ хабарласыңыз;
Орын алған оқиға туралы "Евразия" СК хабарлаңыз;
Оқиға орын алған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішті жазыңыз және оны "Евразия" СК мекенжайына жіберіңіз.
Егер сіз шетелде болған кезде Сізге медициналық көмек қажет болатын болса, не істеу керек: "Евразия" СК" АҚ өкілдерімен қалай байланысу керек; сақтандыру компаниясымен байланысу мүмкіндігі болмаған кезде, не істеу керек; сақтандыру өтемақысын алу үшін қандай құжаттарды жинау керек.
ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ GVA СЕРВИС ОРТАЛЫҚТАРЫ
Москва (Ресей): +7 495 775 09 99
Түркия(Анталия): +90 242 824 97 70, +90 535 234 13 48
Египет (Хургада): +20 10 648 99 22, +20 10 332 01 23
Кипр (Ларнака): +357 24 625 099
Болгария (София): +359 2 439 44 44
ТЕГІН ТЕЛЕФОН ЖЕЛІЛЕРІ
Финляндия: 0 800 116 696
Франция: 0 800 900 998
Германия: 0 800 182 4065
Австрия: 0 800 291 976
Италия: 800 787 235
Таиланд: 00 1 800 357 1295
Греция: 00 800 357 129 23 00
Испания: 900 993 570
Швейцария (Цюрих): 0 800 836 352
Сервис компаниясына хабарласу кезінде келесі мәліметтерді хабарлау қажет:
тегін, атын;
полис нөмірі мен оның қолданылу мерзімін;
сақтандыру компаниясының атауын;
көмек сұрап жүгіну себебін;
орналасқан жерін (ел, қала, қонақ үй, апартаменттердің мекенжайы);
Ауыру жағдайының немесе жазатайым жағдайдың сипаттамасы және талап етілетін көмек сипаты;
байланыс телефонының коды мен нөмірі.
Орыс тілінде сөйлейтін операторлар Сізге медициналық көмекті және басқа да көмекті ұйымдастырады, сондай-ақ Сіздің емделу төлеміне кепілдікті таратады.
Егер қандай да бір себептермен сіздің Сервис компаниясына қоңырау шалуға мүмкіндігіңіз болмаған болса және сіз орналасқан жеріңіз бойынша емдеу мекемесіне медициналық көмекті алу үшін өз бетіңізбен жүгінген болсаңыз, "Евразия" СК сапардан қайта оралған кезде растаушы құжаттарды көрсету кезінде сақтандыру шартымен (сақтандыру полисімен) белгіленген лимитке сәйкес сіздің шығындарыңызды өтейді.
Тұру еліне қайтып оралғаннан кейін сақтандыру жағдайы туралы "Евразия" СК барынша жылдам хабарлаңыз.
Егер сіз жарақат алған болсаңыз, не істеу керек: ресімдеу қажет болатын құжаттар тізімі, сондай-ақ сақтандыру сомасын төлеу тәртібі.
Орын алған жағдай туралы "Евразия" Сақтандыру компаниясына хабарлаңыз.
Сақтандыруды қамтамасыз ету төлеміне өтінішті толтырыңыз.
"Евразия" Сақтандыру компаниясына Сіздің Сақтандыру шартыңызбен көзделген құжаттардың қажетті пакетін ұсыныңыз.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.