Хотите у нас работать?

Темір жол көлігін сақтандыру мүліктік сақтандырудың түрлерінің бірі болып табылады. Темір жол көлігін пайдалану кезіндегі шығындар әртүрлі факторлардың салдарынан туындаулары мүмкін, оның ішінде адамның бақылауында болмайтын. Шығынмен байланысты оқиғалар кәсіпорынның шаруашылық қызметіне үлкен залал келтіруі мүмкін. Бұл жағдайда уақытылы жасалған сақтандыру шарты залалды өтеу және ары қарайғы табысты қызметтің кепілі болып табылады. Біздің компания темір жол көлігін сақтандырудың мол тәжірибесіне ие және өзінің клиенттеріне тиімді шарттарды сақтандыру арқылы қорғауды ұсынады.

Сақтандыру объектісі темір жол көлігін иеленумен, пайдаланумен, билік етумен, сондай-ақ сақтандыру жағдайларының нәтижесінде зақымдану немесе оны жоғалту (жою) тәуекелімен байланысты сақтанушының мүліктік мүддесі болып табылады.

- Стандартты тәуекелдер

Сақтандыру жағдайы келесі оқиғалардың салдарынан темір жол көлігін зақымдау немесе жоғалту (жою) болып табылады:

  • өрттің;
  • жарылыстың;

  • күйреудің, апаттардың, соқтығысулардың;

  • топырақтың шөгуінің;

  • көпірдің қирауының;

  • үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің,атап айтқанда: бұзып ұрлау, айдап әкету, тонау.


Сақтандыруға жатады:

1) жолаушылар, пошта, жүк, пошталық-жүк вагондары, мейрамхана-вагондары, қызметтік-техникалық вагондар (қызметтік, клубтар, санитарлық, сынақ және өлшеу зертханалары және жолаушылар типіндегі басқа да арнайы вагондар);

2) жүк вагондары — жабық, жартылай вагондар, платформалар, цистерналар, жүктерді тасымалдауға арналған мамандандырылған вагондар (бункерлік типтегі вагондар , термостар, рефрижераторлық вагондар, дәнді дақылдарды таситын вагондар, транспортерлер, контейнерді таситын вагондар, малды, тірі балықты, битумды, жеңіл автомобильдерді тасымалдауға арналған вагондар, сондай-ақ жүк типіндегі арнайы вагондар);

3) жылжымалы составқа жататын басқа темір жол көлігі.

Сақтандыру сомасы:

т/ж көлігінің құны.

Темір жол көлігінің иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау және жүктерді тасымалдау — әртүрлі тәуекелдермен , оның ішінде жолаушыларға, олардың мүлкіне (қол жүгіне) немесе жүкке залал келтірумен байланысты жауапты бизнес. Сол себепті, мұндай тасымалдауларды жүзеге асыратын кәсіпорынға оның мүдделерін қорғайтын темір жол көлігінің иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қажет.

Сақтандыру объектісі темір жол көлігін жоғары қауіп көзі ретінде пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың (зардап шегушілердің) өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды өтеу бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген міндеттерімен байланысты сақтанушының мүліктік мүддесі болып табылады.

Сақтандыру сомасы және сыйлықақысы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

- Стандартты тәуекелдер

Сақтандыру жағдайы ретінде сақтанушымен темір жол көлігін пайдалану кезінде күтпеген, кездейсоқ оқиғалардың нәтижесінде зардап шегушілер ретінде танылған тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактысы танылады.

Сақтандыру сақтанушының төменде аталғандардың алдындағы жауапкершілігіне қатысты жүзеге асырылуы мүмкін:



Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.

Менеджермен байланысу:

Байланысқа арналған телефондар:
+7 (727) 258-43-36 (Алматы қ.)
8 800 080 0099 (Қазақстан бойынша тегін желі)

Бізбен байланысыңыз


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!